«Кітап оқтын ұлт» жобасы аясындағы кітап пікірсайысы

2026 жылғы 2 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері үшін (6В04102 “Менеджмент” және 6В04104 “Қаржы” білім беру бағдарламалары) «Кітап оқитын ұлт: кітап оқу білім және кәсіби даму құралы ретінде» тақырыбында дәріс-пікірсайыс  өтті.

«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» кітабына арналды.

Кездесуді бизнес кафедрасының аға оқытушы-зерттеушісі Мүбараков Елдар Еркінұлы өткізді. Қатысушылар басылымның негізгі идеяларын, ой-өрісін кеңейтудегі, сыни ойлауды қалыптастырудағы, сондай-ақ жеке және мансаптық өсудегі оқудың рөлін талқылады.

Іс-шара жастардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға және өзекті қоғамдық мәселелер бойынша ашық диалогқа ықпал етті.