«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қонақтық дәріс өтті
2026 жылдың 8 қазанында педагогикалық бағытта білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Мектеп оқушыларының көркем әдебиет оқуға деген қызығушылығын арттыру» тақырыбында қонақтық дәріс өтті.
Іс-шараның спикері ҚАЕУ түлегі, Өскемен қаласындағы «№37 көпбейінді орта мектебі» КММ педагог-модераторы, педагогика магистрі Манапова Алтынай Болатқызы болды.
Дәріс барысында мектеп оқушыларының көркем әдебиетке қызығушылығын қалыптастырудың тиімді жолдары, кітап оқуға ынталандырудың заманауи әдіс-тәсілдері, оқырмандық мәдениетті дамыту және мұғалімнің осы үдерістегі рөлі туралы өзекті мәселелер қарастырылды.
Кездесу барысында студенттер практикалық тәжірибемен танысып, болашақ педагог ретінде оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталған тиімді тәсілдер жөнінде құнды ақпарат алды.
Педагогика және психология кафедрасы








