«Кітап – сарқылмас рухани қазына»
2026 жылғы 2 қарашада университетте «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1-4 курс студенттері қауымдастырылған профессор Қ.Т. Қаирбаева жетекшілігімен «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап – сарқылмас рухани қазына» атты әдеби кеш ұйымдастырды.
Рухани-танымдық шараның мақсаты – студенттердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру, көркем әдебиеттің адам өміріндегі маңызына ден қойып, ұлттық әрі жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау.
Кеш барысында қатысушылар кітаптың адамзат өркениетіндегі орны, тұлғаның ой-өрісі мен дүниетанымын қалыптастырудағы рөлі туралы пікір алмасты.Кітаптың адамды білімге, ізгілікке, парасаттылыққа және биік адамгершілікке жетелейтін, рухтандыратын, сөз құдіретін танытатын сарқылмас рухани қазына екені дәріптелді.
Шара пікірталастармен, көркем шығармалардан үзінділер, өлеңдер мен қанатты сөздерді мәнерлеп оқумен өрнектелді. Студенттер сүйікті кітаптары мен қаламгерлері жайында ой бөлісіп, әдебиеттің тәрбиелік мәнін сөз етті.
Кітап оқу – білімге, шығармашылыққа және рухани дамуға бастайтын жол!
«Педагогика және психология» кафедрасы








