ҚАЕУ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша TEDx форматында кездесу өтті

2025 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан-Американдық еркін университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында TEDx форматында кездесу өтті. Іс-шараның спикері ретінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы А.А. Бейсембаев сөз сөйледі.

Кездесу барысында спикер сыбайлас жемқорлық қылмыстарының негізгі ұғымдарын ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің заманауи тетіктерін ұсынды және әрбір азаматтың сыбайлас жемқорлықтан азат қоғамды қалыптастыруға қатысуының маңыздылығын атап өтті. Осы тақырып бойынша жастардың пікіріне ерекше назар аударылды.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өмірдің әртүрлі салаларында ашықтық пен жауапкершілікті арттыру бойынша идеялар ұсынды. Пікірталас жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа деген қызығушылығының жоғары деңгейін және адал және әділ қоғам құруға деген ұмтылысын көрсетті.

Мұндай іс-шараларды өткізу жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға және құқықтық мемлекет құруда маңызды рөл атқаратын азаматтық жауапкершілікті дамытуға ықпал етеді.