1С: Мансап Күні
2023 жылғы 21 қарашада бизнес кафедрасының «Есеп және аудит», «Қаржы», «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламаларының 3-4 курс білім алушылары жыл сайынғы «1С: Мансап Күні 2023» іс-шарасына қатысты.
1С:Мансап Күні – бұл ақпараттық технологиялар саласындағы мансапты бастауға тамаша мүмкіндік. Бүгінгі таңда 1С индустриясы қызықты іспен айналысуға, 1С бағдарламаларының озық, үнемі дамып келе жатқан жүйесінің құралдарын басқару мен есепке алудың әртүрлі міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Жас мамандар пайдалы тәжірибені тез алуға, нақты бизнесте көрінуге және бірнеше жыл ішінде маңызды және кәсіби мансаптық өсуге қол жеткізуге бірегей мүмкіндік алады.
Білім алушылардың 1С: Мансап Күніне қатысып білгендері:
- 1С:Франчайзи-де қалай жұмыс істеу керектігін білді;
- 1С бойынша Олимпиадаларымен және дипломдық жобалардың конкурстарымен танысты;
- табысқа жету үшін өздері үшін «нақты мақсаттарды» анықтады;
- сұхбаттасуда өзін қалай дұрыс көрсету керектігі туралы білді;
- ағымдағы және перспективалық бос жұмыс орындары туралы, оның ішінде икемді жұмыс кестесі туралы ақпарат алды.
«1С:Кәсіпорын» платформасының көмегімен бизнес-үдерістерді автоматтандырудың қарқынды дамып келе жатқан индустриясы туралы шеберлік сабағына қатысты.
Білім алушылар кәсіби өсу ахуалына еніп, индустрия өкілдерімен белсенді өзара іс-қимыл жасады. Баяндамалар мен шеберлік сабақтары оларға жоғары оқу орындарының 1С-ті студенттері мен түлектеріне беретін мүмкіндіктері туралы білімдерін тереңдетуге, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен бухгалтерлік есеп саласында құнды тәжірибе алуға мүмкіндік берді. Біздің студенттер сарапшылармен белсенді сөйлесті, мансаптық өсу келешегін және алған дағдыларды тәжірибеде қолдануды талқылады.
Іс-шарадан кейін білім алушылар қатысқаны туралы сертификат алды.
Бизнес кафедрасы