9-11 сынып оқушылары арасында қалалық бизнес- идеялар чемпионаты
2023 жылғы 27 қаңтарда “Бейінді мектеп” КММ алаңында Өскемен қаласының білім бөлімі және Қазақстан-Американдық еркін университетімен бірлесіп 9-11 сынып оқушылары арасында бизнес-идеялардың қалалық чемпионаты өтті, оған облыс орталығынан 40 оқушы қатысты. Қатысушыларға “Бейіндік мектеп” КММ директоры п.ғ.к. – Б. А. Ысқақов, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры – Қ. Н. Мамырбаев, ҚАЕУ бизнес кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы – И. В. Бордияну, Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің туризм секторының меңгерушісі-Б. Е. Нұрсоветов құттықтау сөз сөйледі. Олардың барлығы жастар арасында осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті, өйткені олардың көпшілігі өздерінің кәсіби жолы ретінде бизнеспен айналысуды таңдайды. Бұл байқау жастарға бүгінгі таңда өздерінің кәсіпкерлік болашағының іргетасын қалауға мүмкіндік береді және өз бизнесін ашуға қуатты серпін береді.
Байқау “IT және білім беру”, “Сервис және қызметтер”, “Startup”, “Туризм” және “Жасыл экономика” секциялары бойынша өткізілді, олардың әрқайсысында қазылар алқасы өз жеңімпаздарын анықтады. Қазылар алқасының құрамына ҚАЕУ-нің жетекші оқытушылары, “Бейінді мектеп” КММ мұғалімдері, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының, ШҚО білім басқармасының өкілдері, “Нұрорда” мектеп-лицейі мекемесі, Өскемен қаласының қалалық кәсіпкерлік бөлімі, Өскемен қаласының жұмыспен қамту орталығы кірді.
Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
“IT және білім беру”секциясы:
1 орын-Жуандық Нұрасыл (№44 Лицей);
2 орын-Рахимова Арайлым (№43 мектеп-лицей);
3 орын-Тоқтарова Самира Ринатқызы (№44 Лицей).
“Сервис және қызметтер”секциясы:
1 орын – Әліпбаева Қамшат (№43 мектеп – лицей);
2 орын-Бейімбетқызы Алина (Бейіндік мектеп);
3 орын-Седова Полина (№5 ОМ).
“Startup”секциясы:
1 орын-Сайлауханова Камила (№10 мектеп гимназиясы);
2 орын-Сыдықанова Алина (№16 ОМ);
3 орын – Нұрахметов Мансұр (№23 ОМ).
“Туризм” секциясы:
1 орын-Черепанова Милана (№36 ОМ);
2 орын-Кутчанова Бексана (№20 ОМ);
3 орын – Қаликанова Адема (№44 Лицей).
“Жасыл экономика”:
1 орын – Шевченко Маргарита (№9 ОМ);
2 орын-Трифонова Таисия (№17 ОМ);
3 орын-Асқарбекова Дарина (№42 ОМ).
Сондай ақ келесі қатысушылар атаулы грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды:
1) Мұхаметқан Мирас-“№48 қосымша білім беру мектебі – орталығы” КММ 9-сынып оқушысы – “Өнімдерді буып-түю үшін крафт-пакеттер дайындау” экологиялық бағытындағы жобасы ШҚО Кәсіпкерлер палатасының үздік жобасы ретінде грамотамен марапатталды;
2) Ержанқызы Еркежан – “№ 49 орта мектеп ” КММ 10 сынып оқушысы – “Балалар ойын орталығы” жобасы “Нұрорда” мектеп-лицейі өкілдерінің грамотасымен марапатталды;
3) Батырбекова Аделя – “О. Бөкей атындағы №44 Лицей ” КММ 10 сынып оқушысы – “Қой жүнінен мата өндіру” жобасы Өскемен қаласының жұмыспен қамту орталығы өкілдерінің грамотасымен марапатталды.
4) Жуандық Нұрасыл – ” О. Бөкей атындағы №44 Лицей ” КММ 10 сынып оқушысы – ” SAVLI қосымшасы” жобасы ШҚО Білім басқармасы өкілдерінің грамотасымен марапатталды.
Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар, ал жетекшілерге қатысушылар мен жеңімпаздарды дайындағаны үшін алғыс хаттар табысталды.
Бизнес кафедрасы