Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясына және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Дөңгелек үстел

2024 жылғы 4 желтоқсанда Тұран-Астана Университетінің базасында адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясына және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ТАУ Құқық және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі студенттер мен магистранттарына арнап ұйымдастырды.

ҚАЕУ дөңгелек үстелінің қатысушыларының алдында құттықтау сөз сөйлегендер:

Алембаев Қайрат Оралқанұлы, PhD докторы, құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі;

Мужчиль Савелий Александрович, құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы.

Қатысушылардың баяндамаларында адам құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың өзекті мәселелері қозғалды. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының қағидаттарына, олардың ұлттық заңнамаларда көрініс табуына, сондай-ақ адам құқықтарын қорғаудың халықаралық және ұлттық  механизмдеріне ерекше назар аударылды.

ҚАЕУ-ден баяндамалар жасағандар:

Жакуева Ұлпан, «Құқық және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті, «Өлім жазасы — әділдік пе, әлде құқықты бұзу ма?» тақырыбымен;

Винник Ксения, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті, «Адам құқықтары саласындағы халықаралық құқық» тақырыбымен.

Олардың ғылыми жетекшісі заң ғылымдарының кандидаты, құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Айман Шереханқызы Муталяпова болды.

Дөңгелек үстелге Ташкент мемлекеттік заң университетінің өкілдері де қатысты. «Мемлекеттік басқару» мамандығының 4 курс студенті Сардор Марданов «Жасанды интеллекттің адам құқықтарына әсері» тақырыбында сөз сөйледі. Оның ғылыми жетекшісі ТМЗУ халықаралық құқық және адам құқықтары кафедрасының оқытушысы Тиллабоев Шохрухбек Мирзатиллаевич болды. 

Тұран-Астана Университеті мен Ташкент мемлекеттік заң университетіне ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы