Алғашқы үлкен Ассамблея студенттік ойындары аяқталды

025 жылғы 11-15 наурыз аралығында спортты, білім беруді, мәдениетті және ынтымақтастықты біріктіретін бірегей іс-шара өтті. Бұл ойындар жастардың әлеуетін ашуға, достық байланыстарды нығайтуға және командалық рухты дамытуға арналған нағыз алаңға айналды.

Жарысқа Өскемен қаласының 7 оқу орны қатысып, күш-қуатын, ептілігін, ақылдылығын және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.

Қазақстан-Американдық еркін университетінің жетістіктері:

– Жүзу:

2 орын (25 м, жеке есеп) — Нұрсейітов Бағжан;

 1 орын-Командалық жүзу.

– Этноgame:

2 орын-Мұхтарханова Еркежан.

– Этноquize: 3 орын.

– Волейбол: 3 орын

Барлық жарыстардың қорытындысы бойынша ҚАЕУ жалпы командалық есепте 3 орынды иеленді!

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сендер рухтың күші, бірлік және жеңіске деген ұмтылыс керемет нәтижелерге әкелетінін дәлелдедіңдер.