Анимация бойынша онлайн курстар

2021 жылдың 10 мамырында Британдық Сreative Spark Кеңесінің жобасы аясында анимация бойынша онлайн базалық курс басталады. Оқытуды Hend and Lamiaa “Анимация” саласындағы мамандар онлайн ағылшын тілінде жүргізеді.

Курстар барысында қатысушылар анимация тарихы туралы теориялық білім алады, анимацияның әртүрлі әдістері туралы негізгі білім алады; анимациялық жұмыс процесі туралы толығырақ біліп, алған білімдерін іс жүзінде қолдана алады. Онлайн курс 2021 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.