Барнаулдағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум
2023 жылғы 21-22 қыркүйекте Барнаул қаласында “Қазіргі әлем: Орталық Азия және Үлкен Алтай өңірлеріндегі тұрақтылық пен қауіпсіздік” атты бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум өтті.
“Орталық Азия және Үлкен Алтай өңірлерінде орнықты даму факторларын гуманитарлық зерттеу әдістемесі және әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету” секциясы Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында өтті. Бұл секцияда ҚАЕУ Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Мужчиль Савелий Александрович “Қазақстан Республикасы қоғамдық институттарының Орталық Азия халықтарының достығын дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметі” тақырыбында сөз сөйледі.
Алтай мемлекеттік педагогикалық университетіне ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы