“Электрондық қылмыстық іс” тақырыбында қонақ дәрісі
2023 жылғы 10 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінің кезекті қонағы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ШҚО бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Елена Александровна Губушкина болды. Ол “Құқық” бағытының студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін “Электрондық қылмыстық іс” тақырыбында дәріс өткізді.
ШҚО бойынша ҚР БП ҚСжАЕКБ-мен өзара іс-қимылымыз стратегиялық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде жалғасып жатқанына қуаныштымыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы