“Integrated Consulting and Management Control” тақырыбындағы воркшоп
“Заманауи ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияларға дейін” атты XIII Халықаралық жас ғалымдар форумы аясында 2023 жылғы 19-21 сәуір аралығында Қазақстан-Американдық еркін университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен бизнес кафедрасының білім алушылары үшін “Integrated Consulting and Management Control” тақырыбында воркшоптар өткізілді.
Спикерлер профессор Бернд Цирклер (PhD), “Менеджмент” ББ докторанты Штефан Ноак, ғылыми қызметкер Мелони Вебер – Whz Zwickau University of Applied Sciences; профессор Кай Нобах (PhD) – Nuremberg Technical University Georg Simon Оhm.
Воркшоп аясында келесі мәселелер қаралды:
- басқарушылық кеңес беру негіздері;
- басқарушылық бақылау негіздері;
- бизнесті жоспарлау және тиімділікті бағалау;
- шығындарды икемді бюджеттеу;
- пайданы бақылау және маржалық кіріс;
- ақша ағындарын жоспарлау және бақылау;
- сандық трансформация және басқару жүйелері.
Әр воркшоптың қорытындысы бойынша консалтинг және басқарушылық бақылау саласындағы түрлі мәселелер талқыланды.
Бизнес кафедрасы