«Қоғамдағы іскер әйелдердің рөлі» Дөңгелек үстелі
2025 жылғы 4 наурызда Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Қоғамдағы іскер әйелдердің рөлі» тақырыбында Дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға жеке және кәсіби жоспарларында жетістікке жеткен әйелдер қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға «Облыстық математика, физика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей» КММ оқушылары қатысты.
Дөңгелек үстел спикерлерінің арасында Өскемен, Алматы, Астана, Ташкент, Бішкек, Павлодар және Арқалық қалаларының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және АҚШ сарапшылары болды.
Кездесуді ҚАЕУ жастар саясаты жөніндегі проректоры Н.П. Уразова ашты, ол университет студенттерді жан-жақты дамытуға бағытталған осындай сабақтан тыс іс-шараларды белсенді өткізетінін атап өтті. Наталья Павловна барлық әйелдерді келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, спикерлерге табысты сөз сөйлеулерін тіледі.
Алғашқы спикер ретінде белгілі қобызшы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы Ляйля Еркежанқызы Тәжібаева сөз сөйледі. Оның жетістіктері мен атақтарының арасында мыналарды атап өтуге болады:
- Қазақстан Рекордтар кітабының рекордшысы: әлемдегі алғашқы музыкалық шығарманы 3500 м биіктіктен парашютпен секіру кезінде қобызда орындады;
- Лос-Анджелестегі (АҚШ) World Championship of Performing Arts чемпионатында алтын медаль иегері;
- XIX Республикалық жас орындаушылар байқауларының және III Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар байқауын қоса алғанда, халықаралық және республикалық бақаулардың лауреаты;
- Әлемдегі алғашқы электро-қобызды бірлесіп жасаушы;
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының көп жылдық өтілі бар оқытушысы, республикалық бақаулардың лауреаттарын тәрбиелеген;
- 2020 жылдан бері өткізіліп келе жатқан және әлемнің түкпір-түкпірінен келген музыканттарды біріктіретін қобыз және соған байланысты аспаптарда орындаушылардың Халықаралық чемпионатының негізін қалаушы.
Ляйля Тәжібаева өз сөзінде студенттерді шығармашылық және музыкалық қабілеттерін дамытуға шақырды.
ШҚО жеке сот орындаушылары Өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Бақыт Төлеуханқызы Санатова заңтану саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті және студенттерге нағыз кәсіпқой болу үшін оқуға барынша уақыт бөлуді ұсынды.
«Biryuza» құрылыс компаниясының (Өскемен қ.) бас директоры Хамзина Лаззат Науханқызы жастарға «мінсіз» жұмысты күтпеуге, әртүрлі жұмыс позицияларында тәжірибе жинауға және кәсіби шеберлікті үздіксіз жетілдіруге кеңес берді.
«Тұран-Астана» Университетінің «Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі, заң кеңесшісі, «Юстус» ЮК палатасының мүшесі Айжан Баймұрзақызы Сатаева өмірдің әрқашан болжамды бола бермейтінін, сондықтан әртүрлі жағдайларда икемділік пен ұтқырлықты сақтау маңызды екенін атап өтті.
Головченко Ирина Александровна, шет тілдері кафедрасының жетекшісі, «Бриг» жеке бизнес мектебінің (Өскемен қ.) ағылшын тілі мұғалімі студенттерді тілдерді үйренуге және шығармашылық дамуға шақырды. Ол серіктесімен бірге көрермендерге отты бачата көрсетті.
Бішкек қ. Октябрь ауданы бойынша Мемлекеттік салық қызметі басқармасының салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлімінің кеңес беру және түсіндіру секторының меңгерушісі, капитан Папиева Дина Усеиновна онлайн сөз сөйледі. Ол студенттерді берік, төзімді болуға және өмірдегі қиындықтардан қорықпауға шақырды. Сонымен қатар, Дина Папиева өз шығармасының өлеңін оқыды.
Рамазанова Айгүл Қалыйқанқызы, ҚР ІІМ (Өскемен қ.) «№22 мекеме» ҚАЖК жанындағы ШҚО ББ «№ 1 Өскемен колледжі» КММ педагог-психологы, бір-бірімен танысу үшін шағын тренинг өткізді және стресске төзімділікті дамыту кәсіби табыстың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.
Ташкент мемлекеттік заң университетінің қылмыстық іс жүргізу құқығы кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Рахимова Ульзана Хамидуллаевна Өзбекстан Республикасында әйелдер құқығын қорғау бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы қашықтықтан ақпарат берді.
Қазіргі уақытта АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқитын Margulan University (Павлодар қ.) тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі вице-деканы Тайчик Жәмила Ерболатқызы студенттерге әлем бойынша еркін саяхаттау үшін ағылшын тілін шындап шұғылдануға кеңес берді. Сондай-ақ, ол барлық қатысқан ханымдарды алдағы 8 Наурызбен құттықтады.
Нұрғазиева Наргуль Қайратқызы, Ұлан ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі» ММ “Дарын» МКҚК әдіскері, әртісі, ҚАЕУ түлегі, «Ана туралы жыр» әнін орындап, көркемдік қабілеттерін дамыту туралы кеңестерімен бөлісті.
Арқалық қаласынан келген бос уақытты ұйымдастырушы және хореографиялық ұжымның жетекшісі Кенжегарина Қымбат Әділбекқызы қашықтан сөз сөйледі. Ол хореограф ретіндегі көп жылдық тәжірибесі туралы айтып, хореография саласындағы педагогикалық жетістіктерімен бөлісті.
Дөңгелек үстелді ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Савелий Александрович Мужчиль қорытындылады. Ол оқу, ғылыми және мәдени орталық болып табылатын ҚАЕУ-де көптеген қызықты іс-шаралар өтіп жатқанын атап өтіп, қатысқан барлық ханымдарды келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Біздің құрметті қонақтарымыз бен спикерлерімізге қатысқандары үшін алғыс айтамыз! Барлық әйелдерді келе жатқан 8 Наурызбен құттықтаймыз! Сұлулық, бақыт, үйлесімділік пен өркендеу тілейміз!
Жұртшылықпен байланыс орталығы


















