«Медиатор» студенттік ғылыми үйірмесінің жұмысы
2023 жылдың 14 наурызында АҚШ Елшілігінің Шағын гранттар бағдарламасы ішінде «Қақтығыстардың алдын алу және толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру әдісі ретінде мектептегі медиация топтарын дамыту» жобасы аясында «Медиация халықаралық құқықтағы қақтығыстарды шешу тәсілі ретінде» тақырыбында тәжірибелік сабақ өтті.
Сабақ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының «Медиатор» студенттік ғылыми үйірмесінің жұмысы аясында арнайы жабдықталған Медиация кабинетінде өтті.
Жоба жетекшісі заң ғылымдарының кандидаты Гаврилова Юлия Александровнаның жетекшілігімен «Халықаралық қатынастар» және «Құқықтану» білім беру бағдарламасының білім алушылары ағылшын тілінде АҚШ, Австралия, Ұлыбритания елдерінде медиацияны қолдану салаларын зерттеді, Қазақстан мен шет мемлекеттердің «Медиация туралы» заңдары мысалында медиация саласындағы негізгі халықаралық құжаттармен танысты, медиацияның негізгі принциптерін анықтады, медиация рәсімдерімен танысты.
KAFU LEADERS