Мектептегі медиация курстары танымал болуда
АҚШ Елшілігі қаржыландырған «Қақтығыстарды шешу және толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру тәсілі ретінде мектеп медиация қызметін дамыту» гранттық жобаның тұрақты нәтижесі ретінде «Медиация және құқық» және «Мектеп медиациясының психологиялық және педагогикалық негіздері» жаппай ашық онлайн курстары дайындалды. Бұл ЖАОК https://moodle.kafu.edu.kz/ білім беру платформасында ұсынылған және білім беру ұйымдарындағы жанжалдарды шешу мәселелеріне қызығушылық танытқандар үшін ашық.
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің КММ «Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша Зевакинский кешені» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хорева Оксана Георгиевна «Медиация және құқық» курсын игерді. Оксана Георгиевна білім беру жүйесінің тікелей қатысушысы бола отырып, өз мектебінде жанжалдарды шешудің медиация әдістерін белсенді түрде енгізуде. Тыңдаушының кері байланысы бойынша курс жоғары кәсіби деңгейде құрастырылған және алынған білім әлеуметтік педагогтарға арналған мектеп медиациясы бойынша оқу құралында ұсынылатын болады. Курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушыға 75 сағат көлемінде осы ЖАОК аяқтағанын растайтын сертификат берілді.
Баршаңызды курстарға шақырамыз!
Байланыс нөмірі: +7 705 509 44 06
KAFU LEADERS
#usinkz