Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған қалалық байқауы

2024 жылдың 15 наурызында Қазақстан-Американдық еркін университеті Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған «Көркемсөз оқу шеберлері» қалалық байқауын өткізді. Байқауға Өскемен қаласы колледждерінің білім алушылары бойынша өнерпаздар қатысты.

Байқаудың мақсаты: іс-шара Қазақстанның Халық жазушысы және ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналды.

Байқаудың міндеті: көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, ел бірлігін нығайту және отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген көпшілік ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.

Байқаудың бағалануы: қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, образына және сұраққа толық әрі дұрыс жауап беруіне баса назар аударады.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар:

ОрынАты-жөніОқу орнының атауы
1-орынҚабышова Айсұлу БерікқызыАбай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
2-орынБекжанова Наздана ДәулетқызыАбай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
Айдынқызы КәусарАбай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
3-орынБорантайқызы АйзереАбай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
Жамелов Алдияр КенжебековичАбай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
Құрманбек Нұрай ЖарқынқызыҚазақстан-Американдық еркін университетінің Жоғарғы колледжі

Жеңімпаздарды құттықтап, ел болашағы боларлық өнерлі жастарды дайындаған жетекшілеріне алғыс білдіреміз!

Педагогика және психология кафедрасы