Нюрнберг қаласының қолданбалы ғылымдар Техникалық университетінде ҚАЕУ доцентінің қонақ дәрістері

ҚАЕУ делегациясының 2023 жылғы 6-10 қараша аралығында Нюрнберг қаласының (Германия) қолданбалы ғылымдар Техникалық университетіне сапары жаңа серіктестік үшін маңызды оқиғаларға толы болды. Мәселен, шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Юлия Васильевна Новицкая «Applied Leadership» пәні аясында бакалавриат студенттеріне арналған «Топтарда шешім қабылдау» тақырыбында қонақ дәрісін оқыды, онда басқару мен шешім қабылдауда өзінің көп жылдық тәжірибесімен бөлісті.

Сабақ рөлдік ойын-модельдеу түрінде құрылды, содан кейін топтарда жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланды, топтық динамиканың теориялық аспектілері және топтарда жұмыс істеу кезіндегі көшбасшылық түрлері қарастырылды. Сонымен қатар, Ю.В. Новицкая магистратура студенттеріне арналған «Diversity Management» пәні аясында қонақ дәрісін оқыды. Сабақта Қазақстанның мәдени әртүрлілігі мәселелері және әртүрлілікті басқарудың  тәжірибелік аспектілері (гендерлік, жас, этникалық және т.б.) талқыланды.

Неміс студенттері ұйым кадрларының жеке әртүрлілігіне байланысты мәселелерді іс жүзінде қалай шешетіні туралы ақпаратты үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Магистранттардың  белсене қатысуы олардың жалпы тақырыпқа және ҚАЕУ мен Қазақстанға деген қызығушылығын көрсетті.

Шет тілдері кафедрасы