Облыстық семинар-практикум: Р.Марсеков атындағы мектебінің тәжірибесі.

18 қазан күні Қазақстан-Американдық Еркін Университетінде мектеп бітімгершілік қызметін қолдау үшін жанжалдарды конструктивті шешу бойынша мектеп медиаторларына арналған семинар-практикум өтті.

Шараға ШҚО бойынша мемлекеттік органдардың, облыстық және аудандық білім басқармаларының өкілдері, кәсіби медиаторлар, мұғалімдер, әлеуметтік педагогтар, психологтар мен мектеп оқушылары қатысты.

Семинар барысында Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінің мектеп медиация қызметінің тәжірибесі көрсетілді. Оқушылар ойын түрінде медиация институтының даму тарихымен таныстырып, білім беру ортасындағы дауларды шешу тәртібін көрсетті.

АҚШ Елшілігінің шағын гранттар бағдарламасының «Қақтығыстардың алдын алу және толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру әдісі ретінде мектептегі медиация қызметтерін дамыту» жобасының менеджерлері Гаврилова Ю.А. мен Тәжиева М.Н. жоба мәселелері бойынша жаппай онлайн курстардан тегін өту мүмкіндігі туралы хабардар етті, сондай-ақ 100 медиация мектебінің республикалық жобасын жүзеге асыруда Шығыс Қазақстан облысының білім беру органдарымен ынтымақтастық құрылғаны туралы баяндады.

KAFU LEADERS 

#usinkz