Психологиядағы Арт-терапиялық тәсіл
2023 жылғы 09 қыркүйекте “Психология” білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне “Арт-терапевтік тәсіл” пәні аясында шақырылған ҚАЕУ түлегі, тәжірибелік психолог-кеңесші Куленова Вера би-қозғалыс терапиясы әдісін көрсетті. Бұл психотерапияның бағыты, онда би мен қозғалыс жеке тұлғаның эмоционалды және физикалық әлеуметтенуіне ықпал ететін процесс ретінде қолданылады.
Әдістің мақсаты – өз денесін тану, оның жағымды бейнесін қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, топтық тәжірибе жинақтау.
Топтық жұмыс барысында мына техникалар қолданылды:
1. Топтық және жұптық жұмыста өз қозғалыстарының өзгергіштігін кеңейту.
2. Би-қозғалыс терапиясындағы талдау және диагностика-Лабан талдауы (LMA).
3. Іске қосылмаған аймақты тәжірибелік зерттеу.
4. Бишінің қозғалысын бақылайтын бағаланбайтын кері байланысын үйрету және т. б.
Педагогика және психология кафедрасы