ҚАЕУ профессоры “Тұран-Астана” университетінің студенттеріне сабақ өткізді
2024 жылдың 1 сәуірінде Заң ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚАЕУ ғылыми жұмыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту жөніндегі проректоры Ю. А. Гаврилова “Тұран-Астана” университетінің “ұлттық және халықаралық құқық” кафедрасының студенттеріне “Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттары”тақырыбында дәріс өткізді. Юлия Александровна Қазақстан Республикасында адам құқықтары ұғымы, адам құқықтарын реттейтін халықаралық нормативтік-құқықтық актілер және адам құқықтарын қорғау туралы айтып берді.
ТАУ студенттері дәрістен кейін Ю. А. Гавриловаға сабақ тақырыбына қатысты сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы
