ҚАЕУ Жоғары колледжінің студенттерімен кәсіптік бағдар беру жұмысы

02 сәуір 2024 жылы ҚАЕУ «Құқық және құқық қорғау қызметі» білім бағдарламасының 3-курс студенттерімен Криминология пәні бойынша «Қылмыскердің жеке тұлғасы»  тақырыбында сабақ өткізілді. Сабаққа ҚАЕУ Жоғарғы колледж студенттері қатысты. Сабақта студенттер екі топқа бөлініп, білімдерін ортаға салды. Қылмыскердің жеке тұлғасын анықтауға байланысты көптеген жағдаяттық есептер шығарылды. Студенттер сабаққа белсене қатысты, сабақ өте қызықты өтті.