ҚАЕУ-нің он білім алушысы халықаралық стипендия иегерлері атанды
Қазақстан-Американдық еркін университетінің он білім алушысы Неміс академиялық алмасу қызметінің (DAAD) қорынан халықаралық стипендия иегерлері атанды. ҚАЕУ студенттері мен магистранттары Leonhard-Euler-Programm стипендиялық бағдарламасы бойынша, сондай-ақ IT-даярлық және менеджмент саласындағы үздік 5 ЖОО-мен бірлесіп іске асырылатын ҚАЕУ магистратурасының халықаралық қос дипломды бағдарламасы шеңберінде оқуға мүмкіндік алды.
Осы бағдарламаларды табысты іске асыру студенттер мен магистранттардың халықаралық ынтымақтастығы мен алмасуының маңыздылығын дәлелдейді, білім беру сапасын арттыруға және жоғары білім мен ғылым саласындағы академиялық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Білім алушылардың осы академиялық бағдарламаларға қатысуы оларға жақын болашақта жарқын кәсіби бастама жасауға және әлемдік ауқымда мансапты дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер береді.