ҚАЕУ оқытушысы ТМЗУ-да қонақтық онлайн-дәріс өткізді

Қазақстан-Американдық еркін университеті мен Ташкент мемлекеттік заң университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум аясында 2023 жылғы 4 қазанда Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі С.А. Мужчиль Ташкент мемлекеттік заң университетінің студенттеріне “Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары” тақырыбында қонақтық онлайн- дәріс өткізді.

Дәріс аясында Қазақстан Республикасында адам құқықтарын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету ерекшеліктері, сондай-ақ Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі қарастырылды.

Дәрісті аяқтағаннан кейін Савелий Александрович серіктес университет студенттеріне құқықтық тақырыпта  зияткерлік викторина өткізді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы