Қазақ тілі мен әдебиетінен IX аймақтық олимпиада
2023 жылдың 24 ақпанында Қазақстан-Американдық еркін университеті «Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына арналған Қазақ тілі мен әдебиетінен IX аймақтық олимпиада» өткізді. Аймақтық деңгейде өткізілген пәндік олимпиадаға Ұлан, Тарбағатай, Катон-Қарағай, Зайсан аудандары және Өскемен қаласы мектептерінің 10,11-сыныптары бойынша барлығы 95 оқушы қатысты.
Пәндік олимпиадалар – дарынды оқушыларды табу, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және ғылым мен білімге деген қызығушылығын ынталандырудың тамаша тәсілі. Ал олимпиадаға қатысушылар үшін бұл – өз білімдерін тексеру, өзін-өзі бағалау және емтихансыз жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі. Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша пәндік олимпиада үздіктердің үздігін іріктейді, сонымен қатар болашақ талапкерлер арасында жазушы-драматург О.Бөкейдің дүниетанымын түсінуге мүмкіндік туғызады.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде қатысушылар оқу бағдарламасы бойынша тест тапсырмаларын шешсе, 2-кезеңде Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына байланысты эссе жазды.
Олимпиаданың 2-кезеңіне өткен оқушыларға «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, психолог Катанова Елизавета Темірбековна тренинг жүргізді.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар:
10-сыныптар арасында:
Орын | Аты-жөні | Мектеп |
1-орын | Мұқанова Нұрай Нұрболқызы | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің«№15 орта мектеп» КММ |
2-орын | Кадирова Камила | ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ |
2-орын | Көкен Жұлдыз | «Абай атындағы №33 орта мектеп» КММ |
3-орын | Оразханова Санжана | «Р.Мәрсеков атындағы орта мектебі» КММ |
3-орын | Болатова Балжан | Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей |
3-орын | Қадылбек Ақерке | Ұлан ауд. Пушкин атындағы орта мектеп |
11-сыныптар арасында:
Орын | Аты-жөні | Мектеп |
1-орын | Медетқызы Әмина | Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
2-орын | Базарбекова Назым | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ |
3-орын | Қайсанбекова Камшат | «А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектеп»КММ |
Биыл өткізілген IX Аймақтық Олимпиаданың
жүлде қоры төмендегідей болды:
1-орын | Қазақстан-Американдық еркін университетіПрезидентінің Гранты |
2-орын | ҚАЕУ-де оқу ақысына 50 % жеңілдік |
3-орын | ҚАЕУ-де оқу ақысына 30 % жеңілдік |
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Ел болашағы боларлық білімді талапкерлер дайындаған жетекшілерге алғыс білдіреміз!
Педагогика және психология кафедрасы