Қазақ тілі мен әдебиетінен X аймақтық олимпиада
2024 жылдың 29 ақпанында Қазақстан-Американдық еркін университеті «Қазақстан-Американдық еркін университетінің 30 жылдық мерейтойына арналған Қазақ тілі мен әдебиетінен X аймақтық олимпиада» өткізді. Аймақтық деңгейде өткізілген пәндік олимпиадаға Ұлан, Тарбағатай, Үлкен Нарын, Марқакөл, Көкпекті, Күршім, Глубокое аудандары және Риддер, Өскемен қаласы мектептерінің 10,11-сыныптары бойынша барлығы 85 оқушы қатысты.
Пәндік олимпиадалар – дарынды оқушыларды табу, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және ғылым мен білімге деген қызығушылығын ынталандырудың тамаша тәсілі. Ал олимпиадаға қатысушылар үшін бұл – өз білімдерін тексеру, өзін-өзі бағалау және емтихансыз жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі. Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша пәндік олимпиада үздіктердің үздігін іріктейді.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде қатысушылар оқу бағдарламасы бойынша тест тапсырмаларын шешсе, 2-кезеңде Қазақстанның білім және ғылым саласындағы әлеуетіне байланысты берілген бірнеше тақырыпқа таңдау бойынша эссе жазды.
Іс-шара барысында ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Б.Н. Бияров мұғалімдерге «Ғылыми жоба дайындаудың әдіс-тәсілдері және тиімді жолдары» атты семинар өткізді.
Олимпиаданың 2-кезеңіне өткен оқушыларға «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, психолог Катанова Е.Т.тренинг жүргізді.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар:
10-сыныптар арасында:
Орын | Аты-жөні | Мектеп |
1-орын | Қайдарқызы Арай | «№ 47 орта мектеп» КММ |
2-орын | Зулфиева Севинч | «Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейі» КММ |
Мамырбек Аяла | «С.Аманжолов атындағы орта мектебі» КММ | |
3-орын | Исабаева Аяулым | «№ 35 орта мектеп» КММ |
Баянгазина Мадина | №23 орта мектебі КММ | |
Таукенова Айза Сымбатқызы | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Опытное поле орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
11-сыныптар арасында:
Орын | Аты-жөні | Мектеп |
1-орын | Нұрлыбек Қарақат | Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қаратоғай ауылы «Қаратоғай орта мектебі» КММ |
2-орын | Тоқтарбекова Мөлдір | «№18 орта мектебі» КММ |
3-орын | Қонысбай Ардақ Мәдениетқызы | «Абай атындағы № 33 орта мектебі» КММ |
Биыл өткізілген X Аймақтық Олимпиаданың
жүлде қоры төмендегідей болды:
1-орын | Қазақстан-Американдық еркін университеті Президентінің Гранты |
2-орын | ҚАЕУ-де оқу ақысына 50 % жеңілдік |
3-орын | ҚАЕУ-де оқу ақысына 30 % жеңілдік |
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Ел болашағы боларлық білімді талапкерлер дайындаған жетекшілерге алғыс білдіреміз!
«Педагогика және психология» кафедрасы



























