Қазақстан-Американдық еркін университеті мен Мичиган мемлекеттік университеті ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
2024 жылғы 9 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университеті мен Мичиган мемлекеттік университеті арасында халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Маңызды келісімге екі университеттің басшылары: ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев және Мичиган мемлекеттік университетінің провост проректоры Томас Д.Дейчко қол қойды.
Келісімнің негізгі тақырыбы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде ғылыми-педагогикалық басылымдармен алмасу, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және конференциялар өткізу, академиялық бағдарламаларға қатысу үшін студенттер мен оқытушылармен алмасу, білім беру курстарын бірлесіп әзірлеу және бағдарламалар, дәрістер, семинарлар мен тренингтер өткізу.
Осындай маңызды құжатқа қол қою университеттер арасындағы көп жылдық өзара іс-қимылдың заңды жалғасы болды.
Қазақстан-Американдық еркін университеті 2019 жылы бұл бағыттағы алғашқы қадамын жасап, әлемдегі жетекші факультеттердің бірі Мичиган мемлекеттік университетінің білім мектебінің профессоры Дуглас Хартманды университетке шақырды. Одан кейін осы университетпен бірге бірқатар жобалар сәтті жүзеге асырылды.
Олардың қатарында Қазақстанның он университетінде жаратылыстану пәндері оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарынан өтуге мүмкіндік берген UniCEN жобасы бар.
Сонымен қатар, Мичиган университетінің оқытушылары Дуглас Хартман және Брендан Кантвеллмен тығыз ынтымақтастықта Қазақстан университеттерінің ректорлары мен проректорлары үшін тағы бір өте тиімді жоба –«Ex.-leadership program» жүзеге асырылды. Бір жыл ішінде оның аясында жоғары оқу орындарын басқару мәселелері бойынша түрлі тақырыптарда бірқатар онлайн сессиялар өткізілді.
Сондай-ақ ҚАЕУ базасында Қазақстан университеттерінің жас көшбасшылары үшін жазғы мектеп ұйымдастырылып, оған 30-дан астам адам қатысты. Жемісті өзара іс-қимыл күні бүгінге дейін жалғасуда.
Осылайша, Мичиган мемлекеттік университетінің білім беру мектебі қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы Самара ауданы Құлынжон ауылындағы орта мектепте мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған мектеп жобасын жүзеге асыруда.
Енді қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім негізінде университеттер оқыту әдістемесі саласында бірлескен ғылыми жобаларды, сондай-ақ магистратураға арналған бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асыруға ниетті. Екі тарап та осындай өзара тиімді байланыстарды нығайтуға және кеңейтуге толық мүдделі.
Естеріңізге сала кетейік, Мичиган мемлекеттік университеті 1855 жылы құрылған, ол АҚШ-тағы ең ірі мемлекеттік зерттеу университеттерінің бірі болып табылады. Онда 50 мыңға жуық студент оқиды.