Қазақстан тарихы бойынша облыстық олимпиаданың екінші туры ҚАЕУ-де өтті

2023 жылғы 7 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Түркі әлемі: өткені, бүгіні және болашағы» атты 10-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы бойынша облыстық  олимпиаданың  2–туры өтті.

1 тур – Іріктеу кезеңі 2023 жылғы 31 наурызда тестілеу түрінде https://moodle.kafu.edu.kz/ платформа арқылы онлайн форматта өткізілді. Оған Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының 58 мектебінен 232 оқушы қатысты.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша олимпиаданың екінші турына 18 мектептен 40 оқушы қатысты.

Екінші тур 2 кезеңде өтті:

1 кезең – «Қазақстанның ортағасыр, жаңа және қазіргі заман тарихы мен мәдениеті», логикалық тапсырмалар, «жанды» сұраққа жауап және сөзжұмбақ шешу түріндегі жұмысты қамтиды.

2-кезең – «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы мен мәдениеті» «Тарихи болжау» әдісін пайдалана отырып жасалатын  жұмыс.

Олимпиада жеңімпаздары 1 және 2 кезең (жиынтық) нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған қатысушылар арасында іріктелді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды:

I орын (ҚАЕУ Президенті Е. А. Мамбетказиевтің гранты) – Төлеудинов Даниал Ринатұлы, 11 сынып, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектебі» КММ;

II орын (ҚАЕУ-де оқу үшін 50% жеңілдік) – Айдынқызы Айша, 11 сынып, ШҚО Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылы «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ ;

III орын (ҚАЕУ-де оқу үшін 30% жеңілдік) – Малгаждаров Даурен, 10 сынып, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №39 орта мектеп» КММ.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы