“ҚР туристік индустриясының үздік мамандары-2022” республикалық олимпиадасы

2022 жылғы 28 қыркүйекте Туризм күнін мерекелеу аясында Қазақстандық туристік қауымдастық пен Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы “ҚР туристік индустриясының үздік мамандары – 2022” Х – мерейтойлық Олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданы өткізудің мақсаты кәсіби қызығушылықты нығайту, туризмдегі кәсіби құзыреттілікті, қонақ үй ісі мен сервисті дамыту, дарынды жастарды анықтау және кадрлық әлеуетті, ҚР туристік индустриясындағы кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру болды.

Олимпиада келесі номинациялар бойынша өткізілді:

  • “Қабылдау және орналастыру қызметінің жұмысы: Әкімгер”;
  • “Қонақ үйдегі маркетинг және сату: Сату және маркетинг менеджері”;
  • “Педагогтар, ТжКБ, ЖОО туризм бойынша үздік оқытушылар”;
  • “Студенттер: жоғары оқу орындарының үздік студенттері”;
  • “Авиаагенттер: халықаралық брондау жүйелерін, GDS жүйелерінде авиабилеттерді
    жазып беру технологияларын білу”;
  • “Экскурсия жетекшілері”;
  • “Кіру туризмі: «Must-see in Kazakhstan» туристік өнімін әзірлеу.

Бұл олимпиадаға Қазақстан-Американдық еркін университетінің “Туризм” ББ 3 курс студенті Сергей Андреевич Просин қатысты. Қорытындылау нәтижесінде Сергей “Туризм бойынша үздік студенттер” номинациясы бойынша олимпиада жеңімпазы – “Креативті тұсаукесер”номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі – “Бизнес” кафедрасының аға оқытушысы Айтқазина Мадина Маратқызы.

Шығармашылық табыстар тілейміз!

Бизнес кафедрасы

группа людей