Сайлау заңнамасын түсіндіру бойынша кездесу
2023 жылғы 15 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы үшін сайлау заңнамасын түсіндіру бойынша кездесу өтті.
Кездесуді Шығыс Қазақстан заңгерлер Одағы филиалының ШҚО бойынша заң консультанттары Палатасының төрағасы, “Адал сайлау үшін” штабының мүшесі Аринова Алтынай Хайдарқызы өткізді.
2023 жылғы парламенттік сайлау – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтеді. Мәжіліс депутаттарын сайлаумен қатар барлық деңгейдегі (аудандық, қалалық, облыстық) мәслихаттар депутаттарын сайлауы өтеді.
Жұртшылықпен байланыс орталығы