“Сақал философ ете алмайды” зияткерлік -құқықтық викторинасы
2022 жылғы 17 қарашада құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының білім беру бағдарламаларының студенттері арасында “Сақал философ ете алмайды” атты зияткерлік-құқықтық викторина өтті. Бұл іс-шара Халықаралық студенттер күніне арналды.
Викторинаға 2 курс (“Адреналин” командасы), 3 курс (“Ар-намыс” командасы) және 4 курс (“Дофамин” командасы) студенттері қатысты.
Ойын екі турдан тұрды. Бірінші турда студенттер команданың атауы мен ұранын ұсынуы керек болды. Екінші турда студенттерге құқықтанудың түрлі салаларынан көп деңгейлі сұрақтар ұсынылды.
Қарқынды күресте 3 курс командасы жеңіске жетті. Екінші орында 2 курс студенттері тұр. Үшінші орын 4 курсқа бұйырды.
Сонымен қатар жеке аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды:
- “Команда көшбасшысы” – Виктория Кузнецова (2 курс);
- “Ең құнды ойыншы” – Арман Уалхан (2 курс);
- “Ең белсенді ойыншы” – Скакова Камилла (2 курс);
- “Ең тапқыр ойыншы” – Серіков Әлихан (3 курс);
- “Ғылым граниті” – Ғабдуллин Ильдар (4 курс).
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық студенттерді мерекемен!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы