ШҚО ТжКБ жүйесінің оқу орындарының білім алушылары арасында “Болашақ заңгер” облыстық байқауы

27 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде колледждің 20 жылдығын мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облысының ТжКБ жүйесінің оқу орындарының білім алушылары арасында “Болашақ заңгер” облыстық байқауы өтті.

Конкурсқа “Құқықтану”мамандығы бойынша шығармашылық қабілетті, бәсекеге қабілетті, талантты студенттер қатысты.

Конкурсты “ШҚО кәсіптік білім беру орталығы”, ҚАЕУ Жоғары колледжі, қоғамдық ғылымдар негіздері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі ұйымдастырды.

Байқау 3 кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде командалар қазылар алқасына “Менің мамандығым – менің мақтанышым” тақырыбында алдын ала дайындалған визит карточкаларын – бейнероликтерді ұсынды, екінші кезеңде қатысушылар құқық салалары бойынша ситуациялық тапсырмалардың бірін орындады, ал үшінші кезеңде қатысушылар іс жүзінде өздерінің криминалистік дағдыларын қолдана отырып жұмыс жасады.

Байқауға Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжі, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжі және ҚАЕУ Жоғары колледжінің командалары қатысты.

Қазылар алқасының төрағасы: А.Р. Құзбосынова – ШҚО Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы.

Қазылар алқасының мүшелері:

1. Өтепова З. Ш. – “ШҚО кәсіптік білім беру орталығы” КММ басшысының орынбасары;

2. Нұрмұхамбетова Қ.Қ. – С.Аманжолов атындағы ШҚУ “Құқықтану” кафедрасының аға оқытушысы.;

3. Қапжапаров А. З.- Өскемен-1 станциясындағы көліктегі ПД полицияның желілік бөлімінің кадр саясаты жөніндегі орынбасары;

4. Түгелбаева А. С. – Ертіс ОП БКП аға жедел уәкілі, полиция майоры;

5. Е. М. Жүніспеков-Қазақстан-Американдық еркін университетінің “Құқық және халықаралық қатынастар” кафедрасының оқытушысы.

Конкурс қорытындысы:

– “Детектив” командасы (“С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті” КЕАҚ жоғары колледжі-гран-при;

– “Құқық аумағы” командасы (“Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж” Мекемесі) – 1 орын;

–  “Элементарно!” командасы (ҚАЕУ Жоғары колледжі) – 2 орын;

– “Заң аумағы” командасы (“С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті” КЕАҚ Жоғары колледжі)-3 орын.

ҚАЕУ Жоғары колледжі