“Шекарасыз туризм” жастар форумы

2022 жылғы 29 желтоқсанда Орталық қалалық кітапхана базасында Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі және “Zere Travel” туристік фирмасы ұйымдастырған “Шекарасыз туризм” жастар форумы өтті.

Аталған іс-шараға Қазақстан-Американдық еркін университетінің бизнес кафедрасының аға оқытушылары Д.С. Мамырбекова, А. Е. Қалиева және М. М. Айтқазина және “Туризм” мен “Мейрамхана  ісі және қонақ үй бизнесі” ББ 1-3 курс білім алушылары қатысты.

Қазір барлық елдер карантиндік шараларды белсенді түрде алып тастаған кезде туризм қалпына келе бастайды және дамудың жаңа жолдарын іздейді.

Форумның мақсаты – пандемиядан кейін туризм саласын қалпына келтіру. Аталған іс-шара аясында баяндамалар тыңдалып, бизнес-ойындар өткізілді. Нәтижелері бойынша білім алушылар Назым Бақтыбаевадан трансформациялық ойындарға қатысу үшін сертификаттар және “Zere Travel”туристік фирмасынан саяхат сертификаттарын алды.

Аға оқытушы Д. С. Мамырбекова Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Е. Қоңыратовтың алғыс хатымен марапатталды.

Бизнес кафедрасы