«Славян құдайларының пантеоны» – филологтарға арналған семинар

2023 жылғы 9 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде педагогика және психология кафедрасының оқытушысы  Мисевра Л.А. «Орыс ауыз халық шығармашылығы» пәні бойынша «Орыс тілі мен әдебиеті» ББ студенттеріне арналған семинар өткізді.

«Мифологиялық ойлаудың жалпы сипаттамасы, оның сөйлеуде, болмыста және фольклорда көрініс табуы» практикалық сабағының аясында студенттер жобалау-зерттеу қызметіне кірісті. 

 Сабақ аясында «Сиқырлы  қобди» зияткерлік ойыны өтті, ол білім алушылардың қызығушылығын оятып, тақырыптың игерілу деңгейін тексеруге мүмкіндік берді.   Студенттерге  қобдидан славян құдайының мүсіншесін алып, оны анықтап, осы кейіпкер туралы және оның орыс ауыз халық шығармашылығымен байланысы туралы мүмкіндігінше көп фактілерді айту ұсынылды.

Практикумда қолданылатын стандартты емес оқыту әдістері білім алушылардың өзіне және өз мүмкіндіктеріне деген сенімділігін арттырды, ойлаудың өзіндік ерекшелігін көрсетуге мүмкіндік берді, ең күтпеген жағдайларда шығу жолын табу қабілетін қалыптастыруға ықпал етті.  Алынған  тәжірибелік дағдылар студенттерге осындай сабақтар жүйесін және одан әрі  тәжірибелік  қызметте -олардың мұғалім ретіндегі жұмысына енгізуге мүмкіндік береді. 

Педагогика және психология кафедрасы