“Startup – табыстылық кеңестері”тақырыбында қонақ дәрісі
2023 жылғы 2 наурызда бизнес кафедрасының “Бизнес және басқару” дайындық бағыты бойынша білім алушылар үшін “Startup – табыстылық кеңестері”тақырыбында бизнес негіздері бойынша қонақ дәрісі өткізілді.
Қонақ дәрісінің модераторы бизнес кафедрасының аға оқытушысы Е. Е. Сумарева болды.
Спикер ретінде табысты ісін жаңа бастаған кәсіпкер, LEWEL Group коворкинг-кофеханасының негізін қалаушы және басшысы – Эльдар Мұхаметқазин сөз сөйледі.
Спикер Өскемен қаласында бизнесті дамытудың ерекшеліктері туралы, бизнес әлеміндегі табысқа байланысты, жоспарлаудың, болжаудың, командалық жұмыстың маңыздылығы туралы айтып, білім алушыларға кеңестер берді – бизнес әлемінде өз жолын неден бастау керек, өз тәжірибесінен мысалдар келтірді.
Қонақ дәрісі жоғары деңгейде өтті, білім алушылардың қызығушылығын тудырды.
Бизнескафедрасы





