Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы жастардың рөлі туралы дәріс

2023 жылғы 19 қыркүйекте С.Аманжолов атындағы ШҚУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері., з.ғ.к. Г.Т.Байыркенова ҚАЕУ студенттеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы жастардың рөлі» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және превенциясы, студенттер арасында парасаттылық, әдептілік және академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қозғалды.

Өз кезегінде Гүлмира Төлеубекқызы студенттерді білім алуға, өз елінің адал және лайықты азаматтары болуға шақырды.