ТМЗУ магистранттарына қонақ онлайн-дәрісі

2023 жылғы 11 қазанда өзара түсіністік туралы Меморандум аясында ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі С.А.Мужчиль Ташкент мемлекеттік заң университетінің магистранттарына «Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы және халықаралық ұйымдар» тақырыбында онлайн-қонақ дәрісін өткізді. Савелий Александрович ДЗМҰ қызметінің құқықтық негіздері, оның Дүниежүзілік сауда ұйымымен және ЮНИСЕФ-пен өзара іс-қимылы туралы айтты. Бұдан басқа, зияткерлік меншік құқығын бұзумен байланысты Қазақстан Республикасының сот  тәжірибесі бойынша кейстер бөлшектелді.

Кездесу соңында магистранттар сөз сөйлеушіге бірнеше сұрақтар қойып, оларға жауаптар берілді. 

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы