Уәждемені арттыру бойынша тренинг
2023 жылғы 17 қарашада педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Катанова Елизавета Темірбекқызының жетекшілігімен “Психология” білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері үшін уәждемені арттыру тақырыбы бойынша тренинг өткізілді.
Қатысушыларға “Уәждеме дегеніміз не?”, “Ол не үшін қажет?” және “Ол адам өмірінде қандай рөл атқарады?» деген сұрақтарға қатысты жан-жақты әзірленген материал ұсынылды.. Өзекті тақырыпқа – оқуға деген ынтаны арттыруға, студенттер мен жалпы қоғам арасында кең таралған мәселеге ерекше назар аударылды.
Тренингтің негізгі сәттерінің бірі топтық және жеке психологиялық жаттығуларды қамтитын тәжірибелік бөлім болды. Студенттер бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасады, бұл топта достық орта мен өзара түсіністіктің қалыптасуына ықпал етті.
Студенттердің жаттығуларға белсенді қатысуы сергектік қуатын әкелді, сонымен қатар олардың уәждемесін едәуір арттырды. Олар адам өміріндегі уәждеменің құндылығымен танысып қана қоймай, оның өмірлік жағдайларды сәтті жеңудегі маңыздылығын түсінді.
Педагогика және психология кафедрасы