V Республикалық қашықтық олимпиадасы

2024 жылғы 23-24 сәуірде «Inn & Science Asia» ғылыми-білім беру орталығы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Менеджмент» ББ 1-2 және 3-4 курс жоғары оқу орындарының студенттері арасында V Республикалық қашықтық олимпиадасын өткізді. 

Олимпиаданың мақсаты – экономикалық мамандықтар студенттерінің қызығушылығын арттыру және білімдері мен дағдыларын, сонымен қатар басқару құзыреттіліктерін тереңдету.

Олимпиадаға Қазақстанның әртүрлі жоғары оқу орындарынан 39 команда қатысты, атап айтқанда Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Қазақ-Орыс Халықаралық Университеті, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ және т.б.

Қазақстан-Американдық еркін университетінен «Менеджмент» ББ 3 курс студенті Екатерина Палева «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Трофимова Юлия Владимировнаның жетекшілігімен қатысты.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең таңдалған тақырып бойынша эссе жазу болды: «Әйелдің іскерлік мансабының ерекшеліктері». Екінші кезең ашық сұрақтарға жауап беру, тестті шешу және кейс тапсырмасын орындауды қамтыды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Е.Палева 69 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Екатерина Палеваға ғылыми табыстар тілейміз!

Бизнес  кафедрасы

https://scienceasia.kz/total.html