X Азия чемпионатында әйелдер арасында биіктікке секіруден қола медаль!
Қазақстан-Американдық еркін университеті 6В01401 “Дене шынықтыру және спорт” білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Матвеева Елизаветаны жеңіл атлетикадан Азия чемпионатындағы жүлделі орнымен қуанышпен құттықтайды!
Елизавета Матвеева 1.84м. нәтижесімен әйелдер арасында биіктікке секіруден X Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, Азия чемпионына тек 0,05 м. ғана ұтылды.
Біз студентімізді құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!
Педагогика және психология кафедрасы




