Заманауи өркениет және білім беру жүйесіне уақыттың  сын- қатері

2023 жылғы 15 және 16 наурызда Қазақстан – Американдық еркін университетінде Мәскеу қалалық педагогикалық университетімен бірлесіп, п.ғ.к., ИНО үздіксіз білім беруді және тьюторлықты дараландыру зертханасының аға ғылыми қызметкері, ММПУ білім беру бағдарламалары дирекциясының доценті, ММПУ-дың ҚАЕУ-дегі тәлімгерлік жөніндегі әдістемелік кеңесінің төрағасы Андрей Александрович Теровтың сапары өтті.

Андрей Александрович өзінің сапары аясында мектеп мұғалімдеріне, Өскемен қаласы мен ШҚО колледждерінің оқытушыларына, профессор-оқытушылар құрамына және педагогикалық бағыттар бойынша бакалавриат пен магистратураның ҚАЕУ білім алушыларына арналған бірқатар іс-шаралар өткізді.

15 наурызда «Заманауи өркениет және білім беру жүйесіне уақытсын-қатері» Нәтижелерге қол жеткізу жолдары” шеберлік сабағы өтті, сондай-ақ “Қазіргі заманғы кезеңдегі білім беруді дараландырудың ғылыми-теориялық негіздері”атты қонақ дәрісі”, «Дараландыру негізінде қосымша білім беру бағдарламасы қалай ұйымдастырылады. Бағдарламаға қалай қатысуға болады? Дербестендіру, даралау, тьюторлық кәсіби даму мен өсудің бағыттары мен тәсілдері ретінде” жобалық семинар өтті.

16 наурызда “Тьютор, тәлімгер – қазіргі және болашақтың педагогы. ПОҚ өкілі, мұғалім, мектепте және ЖОО-да басшы болып қала отырып, қалай тьютор, тәлімгер болуға болады,? Күнделікті педагогикалық қызметтегі тәлімгерлік және тьюторлық форматтар, үлгілер, әдістемелері”.

А.А. Теровтың ҚАЕУ әкімшілігімен өткізілген кездесуін ерекше атап өткен жөн. Осы кездесуде халықаралық ынтымақтастықтың келешегі, бірлескен ғылыми, ғылыми- тәжірибелік және кәсіптік-білім беру іс-шараларын әзірлеу талқыланды.

Педагогикалық бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту білім беруді дамытудың маңызды факторы болып табылады және білім беру мен тәрбие саласындағы қазіргі заманғы проблемаларды шешуге дайын педагогтердің жаһандық қауымдастығын құруға ықпал етеді.

Қазақстан-Американдық еркін университеті Теров Андрей Александрович  тұлғасында Мәскеу қалалық педагогикалық университетіне жемісті ынтымақтастық, бірлескен қызметтің жаңа форматтары, халықаралық тәжірибе мен білім алмасуға қызығушылық, жаңа педагогикалық әдістемелерді дамыту, білім беру сапасын арттыру, студенттер, магистранттар мен педагогтар үшін жаңа білім беру мүмкіндіктерін жасау үшін алғыс білдіреді!

Педагогика және психология кафедрасы