Жаңа оқу жылының тамаша басталуы

Жаңа оқу жылында бір ай ғана сабақ өтті, қаншама түрлі оқиғалар болды!  ҚАЕУ-гі қыркүйек әрқашан оқиғаларға бай және биылғы жыл да ерекшелік емес. ЖОО-ға біздің шетелдік серіктестеріміз келді және әдеттегідей оқу процесіне  өте белсенді қатысты.

Мәселен, Георг-Симон-Ом атындағы Қолданбалы ғылымдар техникалық университетінің профессоры Кай Нобах (Нюрнбер қ., Германия) 7М 01702, 6В01703 «Шет тілі: екі шет тілі», 7М02302, 6В02301 «Аударма ісі» және 7М02304 «Шетел филологиясы» ББ студенттеріне Германияның білімі туралы бірқатар қонақ дәрістер оқыды, ал «Co-Serve International» білім беру ұйымының өкілдері Вероника Маккей мен Джеймс Саймонс (АҚШ) ағылшын тілі мен аударма  тәжірибесі бойынша  тәжірибелік сабақтарға қатысты.

«Аударма ісі» ББ студенттері іс жүзінде аударма дағдыларын жаттықтыруға және өздерін нағыз аудармашы ретінде сезінуге мүмкіндік алды, ал 6В01703 «Шет тілі: екі шет тілі» ББ студенттері  тіл иелерімен қарым-қатынас жасау дағдыларын қолдана алды!

Шет тілдері кафедрасы