Жазғы академия: әлеуметтік жауапкершілік
ҚАЕУ Жазғы Көшбасшылық Академиясы бұл кәсіпкерлермен және мекеме басшылығымен кездесу ғана емес. Ең алдымен, академия мүшелері басқа адамдардың игілігі үшін әлеуметтік жауапкершілік пен көшбасшылықты үйренеді. Академия барысында студенттер Аналар үйіне – жас аналардың дағдарысы кезінде қолдау орталығына, Топиха ауылындағы алкоголь мен нашақорлықты емдеуге арналған оңалту орталығына, Таврия ауылындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Хосписіне барды. Академия қатысушылары хосписте егде жастағы пациенттерді тамақтандырып және тыңдау мүмкіндігіне ие болды.