Конкурс жарияланады
Құрметті студенттер!
Аризона Университетінің (АҚШ) «Certificate in Sustainable Tourism» (Тұрақты туризм) сертификаттау бағдарламасы бойынша оқуға конкурс жарияланады.
Оқу мерзімі: 1,5 жыл
Оқыту форматы: онлайн
Бағдарлама көлемі: 15 американдық кредит
Оқуды бастау: 2026 жылдың қыркүйегі
Бағдарламаға Аризона Университетінің тұрақты туризм, экотуризм, табиғи ресурстарды басқару және кәсіпкерлік салаларындағы 5 пән кіреді. Бағдарлама аяқталғаннан кейін студенттер Аризона Университетінің ресми сертификатын алады.
Толық оқу курсының құны 6 000 АҚШ долларын құрайды. Американдық серіктес ҚАЕУ студенттеріне оқу ақысын толығымен жабатын 9 толық стипендия ұсынады. Стипендиялар конкурстық негізде беріледі.
Байқауға мынадай студенттер қатыса алады:
2026-2027 оқу жылында күндізгі бөлімнің 2-ші немесе 3-ші курсында оқитын;
кем дегенде 3.0 GPA бар;
ағылшын тілін IELTS 6.5 немесе одан жоғары деңгейде меңгерген.
Конкурсқа қатысу үшін келесілерді ұсыну қажет:
толтырылған сауалнама: https://forms.gle/bQU5jYhZ6LGVoheL8
2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша транскрипт;
250 сөзге дейінгі ағылшын тіліндегі уәждемелік хат;
куратордың немесе оқытушының ұсынысы.
📌 Өтінім беру мерзімі – 2026 жылғы 10 қыркүйекке дейін.