Конституция және бизнес: құқықтық диалогтар

2026 жылғы 15 қазанда «Конституцияны түсіндіру» бағдарламасын іске асыру аясында Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері «Конституция және бизнес: құқықтық диалогтар» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шара барысында студенттер Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, прокуратураның, сот жүйесінің, Қазақстан халқы кеңесінің, Құрылтайдың және шағын және орта бизнес кәсіпкерлері қауымдастығының өкілдері рөлінде сөз сөйледі.

Қатысушылар кәсіпкерлікті дамытудағы Конституцияның маңызын, жеке меншікті қорғау кепілдіктерін, кәсіпкерлік қызмет еркіндігін, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды, бизнесті мемлекеттік реттеуді, адал бәсекелестікті және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстел пікір алмасуға, кәсіби дағдыларды дамытуға және кәсіпкерлік қызметтің конституциялық негіздері туралы білімді тереңдетуге мүмкіндік берді.

«Конституцияны түсіндіру» бағдарламасы аясында осындай іс-шараларды өткізу болашақ заңгерлердің құқықтық ойлауын қалыптастыруға, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл тетіктерін тереңірек түсінуге ықпал етеді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы