Лингвистикалық орталық
Шетел тілдері кафедрасының Лингвистикалық орталығы – бұл тілдер мен әртүрлі елдердің мәдениеттерін үйретуге маманданған инновациялық білім беру орталығы. Оның басты міндеті – студенттердің және қоғамның жалпы лингвистикалық құзыреттерін дамытуға бағытталған кең ауқымды қызметтерді ұсыну. Орталық шетел тілдері бойынша әртүрлі деңгейдегі курстарды ұйымдастырады, мәдениетаралық іс-шаралар, семинарлар мен конференциялар өткізеді, сондай-ақ лингвистика, аударматану және мәдениетаралық коммуникация саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Орталықтың маңызды бағыттарының бірі – студенттердің шетел тілдерін академиялық, кәсіби және жеке мақсаттарда меңгеруіне қолдау көрсету, сондай-ақ аударма, халықаралық қатынастар және мәдени дипломатия саласында мамандарды даярлау.
Орталықтың артықшылықтары:
- Тәжірибелі оқытушылар сабақ береді, олардың көмегімен сіз өз мақсатыңызға жете аласыз.
- Арнайы интерактивті әдістеме бойынша кез келген тілді қажетті деңгейде меңгере аласыз.
- Сізді қызықты бағдарлама, нақты жобалар, сөйлеу клубы және тіл тасымалдаушыларымен пайдалы таныстықтар күтеді.
- Орталық шетелде білім алуға дайындық пен сүйемелдеу бойынша тәжірибеге ие.
- Корпоративтік клиенттер үшін сабақтарды кәсіпорын аумағында ұйымдастыруға болады.
- Деңгейді аяқтап, кешенді емтиханнан өткен соң сертификат беріледі.
Топтарға қабылдау:
Ағылшын тілін нөлден бастап барлық деңгейлер бойынша: Beginner, Elementary, Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced, Business English — топтық форматта оқыту.
Оқыту бағыттары:
- Ағылшын, неміс, түрік, қытай, корей тілдері
- Аударма курстары
- Халықаралық емтихандарға дайындық
Курстың ұзақтығы:
75 академиялық сағат, ұзақтығы – 3 ай (аптасына 6 академиялық сағат).
Бағасы:
айына 16 сағат – 35 000 теңге
Интенсивті курстар (ағылшын, неміс) – 75 сағат, 51 500 теңге
Сөйлесу неміс тілі (айына 12 сағат) – 15 500 теңге
Сөйлесу ағылшын тілі (айына 12 сағат) – 15 500 теңге
IELTS-ке дайындық:
айына 12 сағат – 28 000 теңге

Лингвистикалық орталықтың басшысы

Шихотова Елена Витальевна
Байланыс нөмірі – 8 777 709 03 03
Жұмыс уақыты: 9:00-19:00
Аудитория 406