«Маркетинг және PR менеджмент» беру бағдарламасы ACBSP аккредиттелген білім бағдарламаларының тізіміне енді
Қазақстан-Американдық еркін университетінің бизнес кафедрасының «Маркетинг және PR менеджмент» бакалавриатының білім беру бағдарламасы ACBSP (Accreditation Council for Business Schools and Programs, АҚШ) халықаралық мамандандырылған аккредитациясын алды.
Шешім ACBSP-тің бакалавриат және магистратура бағдарламалары жөніндегі Комиссарлар Кеңесінің (Baccalaureate/Graduate Degree Board of Commissioners) 2026 жылғы 11-12 қарашада өткен отырысы қорытындысы бойынша қабылданды. Bachelor of Arts in Marketing and Public Relations Management бағдарламасы ҚАЕУ-нің аккредиттелген бизнес-бағдарламаларының тізіміне енгізілген.
Ресми хабарламада Кеңес университетті, профессор-оқытушылар құрамын, ҚАЕУ қызметкерлері мен басшылығын құттықтап, университеттің бизнес-білім берудің жоғары стандарттары мен үздіксіз жетілдіру қағидаттарына бейілділігін атап өтті.
ACBSP-бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлеріндегі бизнес, есеп және сабақтас бағыттар саласындағы бағдарламаларды мамандандырылған аккредиттеудің әлемдегі жетекші агенттіктерінің бірі. Оның шешімдерін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мойындайды: агенттік танылған аккредиттеу органдарының Ұлттық тізіліміне енгізілген. ҚАЕУ 2010 жылы ACBSP халықаралық аккредиттеудің толық рәсімінен өткен Қазақстандағы алғашқы университет болды.
ACBSP аккредиттеуі бағдарлама мазмұнының бизнес-білімге қойылатын халықаралық талаптарға сәйкестігін растайды және шетелде оқуын жалғастыру және жұмысқа орналасу кезінде түлектердің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Бизнес кафедрасы