Полициядағы психолог мамандығы: ҚАЕУ студенттерімен диалог

2026 жылдың 20 сәуірінде Полиция департаментінің арнайы және кәсіптік даярлау Басқармасының қызметкерлері Қазақстан-Американдық еркін университетінің психолог-студенттерімен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.

Іс-шара барысында болашақ мамандар ішкі істер органдары жүйесіндегі психолог жұмысының ерекшеліктерімен танысты, сондай-ақ қызметтің кәсіби талаптары мен  келешегі туралы толық ақпарат алды.

Кездесу аясында келесі мәселелер қаралды:

• үміткерлерді іріктеу  өлшемдері және жұмысқа орналасудың негізгі кезеңдері;

• полиция қызметкерлерін психологиялық сүйемелдеу ерекшелігі;

• әлеуметтік кепілдіктер, қолдау шаралары және ішкі істер органдарындағы мансаптық мүмкіндіктер.

Полиция департаментінің өкілдері құқық қорғау жүйесіндегі психологтың қызметі жоғары жауапкершілікті, кәсіби дайындықты, стресстік жағдайларға төзімділікті және адамдармен жұмыс істей білуді талап ететінін атап өтті.

Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби бағдарлануына ықпал етеді, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейтеді және білім беру ұйымдары мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтады.

Педагогика және психология кафедрасы