Проф. дамыту және өзара іс-қимыл
British Council және «Ғылым қоры» АҚ-ның «Ньютон – Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасы аясында Қазақстан-Американдық еркін университеті базасында Кәсіби даму және ынтымақтастық орталығы ашылды.
Қазақстан бойынша осындай 14 орталық ашылған. Қазақстан-Американдық еркін университеті базасындағы орталық Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары үшін құрылған.
Орталықтың мақсаты – Қазақстандағы ғылыми-зерттеу қызметін қолдау және зерттеулердің тиімділігін арттыру, зерттеушілердің, ғылыми-техникалық қызметкерлер мен ғылыми жетекшілердің біліктілігін көтеру, сондай-ақ зерттеушілердің ғылыми нәтижелерді пайдаланушылармен өзара іс-қимылын дамыту.
Семинарларды Ұлыбританиядан келген білікті жаттықтырушылар өткізеді.
Жобаға жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының өкілдері, ғылыми қызметкерлер мен ғылыми қызметті дамытуға мүдделі өнеркәсіп секторының өкілдері қатысады.
Жұмыс тілі – ағылшын тілі.