Профессор-оқытушылар құрамы бос лауазымдарына орналасуға конкурс

Қазақстан-Американдық Еркін Университеті профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына: оқытушы, аға оқытушы, аға оқытушы-зерттеуші, қауымдастырылған профессор, қауымдастырылған профессор-зерттеуші, профессор, профессор-зерттеуші лауазымдарына конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 24 шілде сағат 09:00-ден бастап 2026 жылғы 24 тамыз сағат 18:00-ге дейін.

Мекенжайы: Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 76, 113-кабинет.

Тел.: 8 (7232) 50-28-56,
веб-сайт: kafu.edu.kz