ҚАЕУ-де жоғары білім беруде жасанды интеллект құралдарын пайдалану бойынша бірқатар шеберлік сыныптары өтті

Қазақстан-Американдық еркін университетінде өткен «Заманауи ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияларға дейін» атты XV Халықаралық жас ғалымдар форумы аясында жоғары білім беру жүйесінде жасанды интеллект құралдарын қолдануға арналған бірқатар шеберлік сыныптары өткізілді.

“Usage of AI Tools in Higher Education” шеберлік сыныбы ерекше қызығушылық тудырды, оны Master of Arts, Цвиккау, Германия Қолданбалы ғылымдар университетінің оқытушысы Штефан Ноак және ҚАЕУ, Қазақстан өкілі Елдар Мубараков өткізді. Спикерлер білім беру  үдерісінде жасанды интеллектті интеграциялаудың заманауи тәсілдерін ұсынды, ЖИ-технологияларды қолданудың  тәжірибелік мысалдарын көрсетті және олардың академиялық ортада одан әрі даму  келшегін талқылады.

Шеберлік сабақтар сериясы оқытушылар, студенттер мен форум қатысушыларының арасында қызығушылық тудырып, білім беру саласындағы цифрлық шешімдердің өзектілігі мен қажеттілігін атап өтті.